Войти
Ою-өрнектердің түрлері
  • 11.03.2015, 10:00
  • В категории: Қол өнер
  • 442 просмотра
1. «Мүйіз» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай,торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.
Қазақ ұлттық киімдері
  • 11.03.2015, 08:43
  • В категории: Қол өнер
  • 289 просмотров
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу.
Домбыра - кең таралған ұлттық музыкалық аспап
  • 08.03.2015, 19:33
  • В категории: Қол өнер
  • 478 просмотров

Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.
Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.

Зергерлік өнер
  • 08.03.2015, 19:26
  • В категории: Қол өнер
  • 565 просмотров
Зергерлік өнер – сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергерлік өнерде шыңдау, құйма, тегістеу, біліктеу, көркем шекіме, канфаренье (өтпейтін бізбен шекіме жасау арқылы металдың үстіне бүршіктік және күңгірт әсер беру), бастырма, оймыштау, нақыштау, оброн (сурет айналасын ойып тастау техникасы), сымкәптау (филигрань), бүршік, қарала, тыныке (финифть), инкрустация, қырнау, жылтырату және т.б. тәсілдер қолданылады.
1 2 3 4 »
Сайт бойынша навигация
  • Басты бет
  • Мұрағат файлдары
  • Қол өнер
  • Кілем тоқу
  • Кері байланыс
Соңғы пікір
Написал, 21:15
Ата-бабамыздың мұрас
Написал, 21:07
создали очень хороши
Написал, 21:00
Жаксы екен
Написал, ainur 19:12
Жақсы!
Жарнама
Кездейсоқ файлдар
  • ЗАМАНАУИ ШЕБЕРЛ...
  • Просмотров: 196
  • Қолдан тоқылған...
  • Просмотров: 421
  • Бесік — нәресте...
  • Просмотров: 325
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Барлық материалдар тек қана ақпараттық мақсаттар үшін веб-сайтында орналастырылады . Бұл сайттың ұсынылған барлық материалдар олардың заңды иелерінің ( ұстаушылар ) тиесілі.

Бесплатный хостинг uCoz